Атырауда «Абайлаңыз – балалар» акциясы өтіп жатыр
Атырау облысы аумағында полиция департаментінің ұйымдастыруымен 20-30 мамыр аралығында “Абайлаңыз – балалар” акциясы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында қала аумағында орналасқан барлық мектептердің білім алушыларымен жиналыстар өткізді.
Осындай жиналыстардың бірін полиция қызметкерлері Binom мектеп оқушыларына өткізді. Шара барысында балалар жол жүру қауіпсіздігі ережелеріне қатысты білімдерін тексеріп, тәртіп сақшыларымен сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ жиын барысында тәртіп сақшылары оқушыларға жазғы демалыс уақытындағы жеке қауіпсіздіктер, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы да айтып өтті.
– Өскелең ұрпақтың қателікке ұрынбауы үшін, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында осы тектес іс-шаралардың маңызы зор, – дейді тәртіп сақшылары.