Атырауда ағашқа соқтығысқан мас жүргізуші қамауға алынды
Атырауда ағашқа соқтығысқан мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйек күні сағат 06:20 шамасында Сәтпаев көшесінің бойында 30 жастағы ер адамның басқаруындағы маркасы Lada 21715 көлік кұралын алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқара отырып, басқару жүйесін игере алмай жол жиегіне шығып кетіп, жолды бөліп тұрған көгалды тапап, жасыл желекке жане жаяу жургіншілер жол белгісіне соқтығысқан.
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа койылып, 30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.