Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда әйелдер колониясының жанындағы колледжде талапкерлерге мамандықтар таныстырылымы өтті

Атыраудағы №79 әйелдер колониясындағы колледжде "Мамандық – болашаққа бастар жол" атты ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраудағы №79 мекемесі жанындағы колледжде "Мамандық - болашаққа бастар жол" атты ашық есік күніне арналған шара өтті. Шараның басты мақсаты – талапкерлерге колледжде оқытылатын мамандықтар жайлы жан-жақты мағлұмат беру, әр мамандықтың маңызын көрсету, кәсіби бағдар беру арқылы студенттердің бейімділігі мен қызығушылығына сай дұрыс бағыт-бағдар ұсыну, жаңадан ашылуға жоспарланған мамандықтар туралы ақпарат беру, колледж өмірімен, шығармашылықпен, тәжірибемен таныстыру.

Іс-шара аясында талапкерлер колледждің материалдық - техникалық базасымен танысып, арнайы пән оқытушыларымен және өндірістік оқыту шеберлерімен ашық әрі еркін түрде әңгімелесті. Әр мамандық бойынша арнайы стендтер, шеберлік сағаттары және тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Ашық есік күніне келушілер келесі мамандықтармен танысты:
• Кондитер – тәттімен келетін шеберлік;
• Аспаз – дәмнен басталған жол;
• Тігінші – ине мен жіп - өнер мен еңбек;
• Шаштараз – сұлулықтың сиқыршысы;
• Нан пісіруші – нан – береке бастауы;
• Әкімші – қызмет көрсету – мәдениеттің айнасы;
• Дизайнер – матаға жан бітірген қол;
• Визажист – сұлулық әлемінің маманы.

Тәжірбиелік шеберлік сабақтары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Талапкерлер өз қолдарымен кекстер безендіріп, бәліштерді жасау техникасын үйреніп, соңғы үлгідегі шаш үлгілерімен таныс болды. Колледж ұжымы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, болашақ талапкерлерге кәсіби білім алудың тиімді жолдарын көрсетті. Бұл ашық есік күні – тек таныстыру емес, таңдау алдындағы маңызды шешімге ықпал ететін сәт болды.

Тәжірибелік шеберлік сабақтары ерекше қызығушылық туғызды. Сотталған әйелдер өз қолдарымен тәттілерді безендіріп, тағам әзірлеу, шаш үлгісін жасау және тігін тігу сынды дағдыларды көрсетті. Бұл олардың кәсіби шеберлігінің дамып, ертеңгі еңбек нарығына дайын екенін дәлелдеді.

Ашық есік күні – білім беру арқылы түзелу мен қайта әлеуметтенудің нақты мысалы. Колледж ұжымы мен мекеме әкімшілігі бостандыққа шыққан соң сотталған әйелдердің қоғамға бейімделіп, өз орнын табуына жағдай жасап отыр. Іс-шара – тек таныстыру ғана емес, өмірді жаңа парақтан бастауға сенім берген маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру