Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда айыппұл төлемеген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Атырауда жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылдың басынан бері қала аумағында «Қорғау-Сергек» ақпараттық жүйесі арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау мен қадағалау қарқынды жүргізілуде. Бұл жүйе жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған.

4 қаңтар күні Атырау қаласының Әбілхайыр хан даңғылы бойында Ваз-2170 автокөлігі тоқтатылып, оның жүргізушісінің айыппұлды төлемей жүргені анықталды. Сол күні Әуезов көшесінде Nissan автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің үш айыппұлы бар екені белгілі болды. Ереже бұзған жүргізушілердің көліктері арнайы тұраққа қойылды.

Полиция Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке баршамыз жауаптымыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру