Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзған 8 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзған сегіз кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 ақпан күні сағат 23:40 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен Әуезов көшесінде орналасқан дүкеннің 21 жастағы сатушысы кешкі сағат 23:00-ден кейін, үлестік көлемі 0,64 л, 7 пайыздық алкоголь өнімін 43 жастағы қала тұрғынына сатқандығы анықталды. Дүкен сатушысы алкогольдік өнімді сатып алушы өзінің танысы болғандықтан сатқандығын айтып, өз кінәсін мойындаған. Сол себепті аталған дүкеннің иесі 46 жастағы кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлімімен (Сағат 23:00-ден кейін алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен аталған кәсіпкерге бір ай мерзімге алкоголь өнімін бөлшек саудадан өткізуге арналған лицензиясынан айыра отырып, 81 676 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін сегіз кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру