Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 43 жастағы ер адамнан 140 мың теңге көлемінде ақша бопсалаумен айналысқан бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды ұстады. Тінту кезінде күдіктіден 20 000 теңге табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы негізінде қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, сондай-ақ ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі тек заңды күшіне енген сот үкімімен анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру