Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері 10 жылға сотталды

Атырау облысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан 5 өзге облыс тұрғындары 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың 26 қаңтар күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ​аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Топтың құрамындағы ​кәмелетке толмаған 17 жастағы күдіктінің алаяқтық дерегі бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрғаны анықталды.

​Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде олардан 1 келі 200 грамм, яғни 4 мыңға жуық дозаны құрайтын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ 2 дана электронды ас үй таразылары, 7 дана электр таспасы, фольга және тағы да басқа заттар анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі мефедрон екені анықталды. Олар жеңіл пайда табу мақсатында Тараз қаласынан арнайы Атырау қаласына келген. Дәлелдеме ретінде қылмыстық топтың ақшалай қаражатты туыстарының атына аударып, иемденіп отырғандары белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген болатын.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 2024 жылы 25 сәуірде 1994, 2001, 2004, 2004 жылдары туған азаматтар 10 жылға бас бостандығынан және 2005 жылы туған азаматқа 7 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру