Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда аялдаманы бүлдірген екі жасөспірім жауапқа тартылды

Атырауда аялдаманы бүлдірген екі жасөспірім жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қараша күні 15-16 жастағы екі жасөспірім қаладағы жылы аялдамалардың бірінің қабырғасына Instagram аккаунттарын жазып, қоғамдық орынды бүлдірген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған.

Полицейлер іздестіру шараларын жүргізіп, анықтап, жасөспірімдердің заңды өкілдері, яғни ата-аналарын шақырып, олардың қатысуымен жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабымен (Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, жазулармен немесе суреттермен қорлауы сол сияқты өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі) әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру