Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда белгіленбеген жерден өткен 5 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Атырауда белгіленбеген жерден өткен 5 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының тәртіп сақшылары қала аумағында көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізуде.

Нәтижесінде, жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра одан тыс жерден өткен 5000-ға жуық жаяу жүргінші анықталып, олардың әрқайсысы ҚРӘҚБтК-ның 615-бабы бойынша (Жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра тыс жерден өткен үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 834 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1000-ға жуық көлік жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен (Жаяу жургіншілерге арналған өткелінен жаяу жүргіншілерге жол бермеу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басталғалы​ жаяу жүргінші қатысуымен 39 ұсақ жол-көлік оқиғалары орын алды. Олардың салдарынан 30 астам адам әр түрлі дене жарақатын алған. Оның ішінде 12 жаяу жүргінші жолды жаяу жүргіншілерге​ арналмаған жерден өткен кезде болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру