Атырауда белгіленбеген жерлерде суға түскен 10-ға жуық жасөспірім анықталды
Атырауда белгіленбеген жерлерде суға түскен 10-ға жуық жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамыр күні Атырау қаласы Полиция басқармасының ЖБО бейнебақылау қызметкерлері бір күннің ішінде белгіленбеген жерлерде суға түсіп жүрген 10-ға жуық жасөспірімді анықтаған.
Олардың барлығының ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабының 1-бөлімімен (Тыйым салынған жерлерде шомылу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Көбінесе жасөспірім балалар ата-аналарының қарауынсыз, суға түсуге барады. Біз балалардың өмірі үшін алаңдаймыз. Сол себептен ата-аналардан балаларды қараусыз суға жібермеуді сұраймыз, – дейді Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы Асқар Атамкулов.