Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді

Атырауда білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қала аумағындағы білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – арнайы және орта білім беру орындарында қорқытып алушылықпен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан топтарды анықтау, сондай-ақ оқушылар мен студенттер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім беру мекемелерінде қауіпсіз орта қалыптастыру.

Кездесу барысында полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың түрлерін, олардың туындау себептерін түсіндірді. Педагогтарға жасөспірімдермен жеке профилактикалық жұмыс жүргізудің, күмән тудыратын жағдайларды дер кезінде анықтап, тиісті органдарға хабарлаудың маңызы айтылды. Сонымен қатар мектеп пен колледж әкімшілігінің, ата-аналардың және полицияның өзара әрекеттестігіне баса назар аударылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жастардың құқықтық сауатын арттыруға, олардың бойында заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және ұйымдасқан қылмыстық топтардың ықпалына түсу тәуекелін азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру