Атырауда бір күнде жол ережелерін бұзудың 600-ге жуық дерегі анықталды
Атырауда бір күнде жол ережелерін бұзудың 600-ге жуық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 8-17 қараша аралығында облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның тек бір күнінде жолда жүру ережесін бұзудың 561 дерегі анықталды. Оның ішінде
белгіленген жылдамдық мөлшерін аттырудың - 75, көлік құралын пайдалану кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің - 43, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың - 128, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың - 10, жаяу жүргіншіге жол бермеудің - 17, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы - 26, маневр қағидасын бұзған - 40,
жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы - 58, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту - 7, мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару - 38, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару - 6, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы - 2 жүргізушіге хаттама толтырылып, айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Арнайы тұраққа 17 автокөлік қойылды.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерді жолда сақ болуға және ережелерді қатаң ұстануға шақырады.