Атырауда бір тәулікте 50-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырауда "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір тәулікте 50-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы мезгілде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Атырау қаласы аумағында 27-29 маусым күндері аралығында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шараның алғашқы тәулігінде тәртіп сақшылары 150-ге жуық объектіні тексеріп, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Мәселен, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін екі ата-ана, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруі бойынша 41 ата-ана және ұсақ бұзақылық жасаған бір жасөспірім анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.