Атырауда бірнеше пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылғы 19-21 мамыр аралығында Атырау облысы аумағында пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында республикалық "Пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
- "Қауіпсіз аула" жобасының шеңберінде көпқабатты үйлердің кіреберістеріне бейнебақылау камераларын орнату бойынша ПИК-пен жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс бойынша төрт "өткен жылдардағы" және үш бұрын жасалған пәтер ұрлықтары ашылып, пәтер ұрлықтары қылмыстарын жасағаны үшін сегіз адам, оның ішінде біреуі іздеудегі қылмыскер ұсталды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.