Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдіктіні ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.