Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда болашақ медицина қызметкерлеріне есірткінің заңсыз айналымының алдын алу түсіндірілді

Атырауда болашақ медицина қызметкерлеріне есірткінің заңсыз айналымының алдын алу түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өткізіліп жатқан "Учаске" және "Қарасора - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау жоғары медициналық колледжінде прекурсорлар мен дәрілік заттардың заңды айналымына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жиын өтті.

Іс-шараға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева және Атырау жас өрендері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекарыс Закария қатысты. Кездесу барысында болашақ медицина студенттеріне прекурсорлар мен дәрілік заттардың заңды айналымына қатысты анықталған құқық бұзушылықтар, олардың себептері мен салдары түсіндірілді. Сондай-ақ есірткі санатына жататын дәрі-дәрмектерді сақтау, тасымалдау және науқастарға беру тәртібі туралы заң талаптары баяндалды.

- Есірткі құралдарының заңсыз айналымы – ұлт пен шекара таңдамайтын, бүкіл әлемге ортақ өзекті мәселе. Кейде нашақорлықты инфекциялық емес, эпидемиялық ауру деп атайтыны да бекер емес. Есірткі затын қабылдағаннан кейінгі қысқа мерзімді иллюзия ауыр тәуелділікке әкеліп, адамның денсаулығы мен болашағына орны толмас зиян тигізеді. Сондықтан баршаңызды еліміздің азаматтары мен келешек ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуына қарсы күресте белсенді болуға шақырамыз, – деді Марьяна Джангалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру