Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда «Борышкер» акциясы аясында 44 млн теңге өндірілді

Атырауда «Борышкер» акциясы аясында 44 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 2021 жылдың 15 наурыз-15 сәуір аралығында «Борышкер» акциясы жүргізілуде. 

Акцияның мақсаты – мемлекет пайдасына ақша қаражаттарын өндіру болып табылады.

Осыған орай, Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен бірлесіп қызмет атқаруда. Акция басталғалы айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 47 жүргізушінің автокөліктері ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес, арнаулы тұраққа қойылып, олардан 2 млн 713 мың 737, 5 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Одан басқа, учаскелік полиция инспекторлары жеке сот орындаушылармен бірлесіп борышкерлердің мекен-жайларын аралау барысында барлығы 44 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру