Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда "Чемпиондық рух" спорттық шарасы өтті

Атырауда "Чемпиондық рух" спорттық шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында "Чемпиондық рух" атты кең ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл бастама Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының бірлесуімен жүзеге асты.

Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары бокс, таэквондо, дзюдо және каратэ спорт түрлерінен өткізілген әсерлі көрсетілімдерді тамашалады. Сонымен қатар полиция департаментінің арнайы жасағы кәсіби дайындықтарын көрсетсе, кинология қызмет орталығының мамандары қызметтік ит Ханның қатысуымен есірткі заттарын іздестіру бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Мерекелік іс-шара балалар мен жасөспірімдерге арналған жалпы дене шынықтыру жаттығуларымен жалғасты. Ашық аспан астында өткен бұл жаттығулар барысында бүлдіршіндер кәсіби бапкерлердің қозғалыстарын қызығушылықпен қайталап, спортқа деген ықыластарын паш етті.

"Чемпиондық рух" жобасы – жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, әрі денсаулықты нығайтуға баулитын маңызды әрі тәрбиелік мәні зор бастама ретінде бағаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру