Атырауда діни деструктивті ағым өкілінен травматикалық тапанша тәркіленді
Атырауда діни деструктивті ағым өкілінен қару-жарақ тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда деструктивті діни ағым жақтаушылардың бірінен қару-жарақ тәркіленді. Ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.
- 31 жастағы азаматтан Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде серия нөмірі өшірілген ОСА травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның бұрын сотты болғандығы анықталды, - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.