Атырауда екі автокөлік электр бағанасына соқтығысып, оқиға орнынан қашып кетті
Атырауда екі автокөлік электр бағанасына соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 шілде күні сағат 03:27 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Ерниязов көшесі 16 үйдің тұсында мемлекеттік белгісі белгісіз Toyota Camry маркалы автокөлігі электр бағанасын соғып, қашып кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі көліктің мемлекеттік белгісін өзімен бірге алып, қашып кеткендігін анықтаған. Оқиға орыны сызылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта көлік жүргізушісі іздестірілуде.
Одан басқа, 2 шілде күні Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Дамбы тас жолының бойында орналасқан “Амина” дүкенінің тұсында Nissan X-trail маркалы автокөлігі электр бағанасына соқтығысөаны туралы хабарлама келіп түскен.
Хабарламаны тексеру барысында Nissan X-trail маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткендігі анықталды.
Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру нәтижесінде екі сағат ішінде аталған автокөліктің 62 жастағы жүргізушісі анықталды. Қазіргі уақытта аталған тұрғынға қатысты іс-құжаттар жинақталуда.