Атырауда екі жігіт дүкеннен 13 дана күнбағыс майын ұрламақ болды
Атырауда екі жігіт дүкеннен 13 дана күнбағыс майын ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қараша күні Атырау қаласындағы шағын маркеттердің бірінен 23 жастағы екі жігіт азық-түлік сөрелерінен 13 дана күнбағыс майын киімдеріне жасырып, ұрлауға оқталған. Алайда олардың барлық әрекеттері бейнекамераларға жазылған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.
23 жастағы екі күдікті де өз қылмыстарын толықтай мойындады, бірақ неліктен күнбағыс майын ұрламақ болғандарына жауап бере алмады.
Айта кетейік, күдіктілер бұрын сотты болмаған.