Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ЕҚҚІҚБ мен «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды

Атырауда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуір күні Атырау облысы Полиция департаментінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов және Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамының Қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы директоры Әсия Кульжанова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шараның басты мақсаты – есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жоспарлау. Кездесу нәтижесінде, екі жақ есірткі заттарын насихаттау, жарнамалау және таратумен айналысатын күдікті сайттарды, парақшаларды, топтарды, форумдарды, жарнамаларды анықтау мақсатында интернет желісінде мониторинг жүргізуде көмек көрсететін, IT-технология саласында білімдері бар еріктілер қатарынан топ құру және анықталған деректерді бұғаттау үшін ПД ЕҚҚІҚБ-ға жолдау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 10 сәуір күні «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесе отырып, қала аумағындағы есірткі сайттарын жарнамалайтын граффитилерді өшіру бойынша рейдттік шара жүргізді.

Сонымен қатар, «Атырау есірткіге қарсы» ұранымен есірткі және психоактивті заттары бар закладкалар табылған жағдайдағы әрекет алгоритмі, есірткі сатушылар туралы миф және шындық, сондай-ақ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының және Білім беру басқармасының сенім телефон нөмірлері көрсетілген буклеттер қоғамдық қалалық көліктеріне орнату бойынша акциялар өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру