Атырауда ер адам гаражында заңсыз қару сақтаған
Атырауда ер адам гаражында заңсыз қару сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 6 қараша күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сақтаған қала тұрғынын анықтады.
Ер адамның гаражын тінту кезінде екі қосауызды, бір бірауызды аңшылық мылтықтарының кесінділері, екі атыс қаруы, резеңке таяқшасы, тапаншаның бөлшектері мен электрошокер табылып, тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта қару-жарақ құралдарын заңсыз сақтаған 24 жастағы күдікті ұсталып, тәркіленген айғақ заттарына баллистикалық зерттеу тағайындалуда.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.