Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі саудалаған тұрғын 6 жылға сотталды

Атырауда есірткі саудалаған 22 жастағы аудан тұрғыны 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наурыз айында Атырау қаласына келіп, есірткі заттарын жасырын тығу арқылы саудаламақ болған 22 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын анықтап, ұстаған болатын. Тексеру жұмыстары кезінде күдіктіден құны 130 мың теңге болатын 3,97 грамм кептірілген марихуана өсімдігі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 22 жастағы күдіктінің қылмыстық жасаудағы кінәсі толық дәлелденді. Күдікті қаржылық қиындықтарға тап болып, несиелік қарыздарын өтеу мақсатында табыс табудың оңай жолын іздегенін, алайда тұрақты жұмыс таба алмай, кейін Telegram әлеуметтік желісі арқылы есірткі затын жасырын әдіспен таратумен айналыса бастағанын айтқан.

Қазіргі таңда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған аудан тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру