Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды

Атырауда есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан бұрын сотталған 30 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде синтетикалық есірткінің 45 түйіншегі тәркіленді. Сондай-ақ жалға алынған пәтерінен үш zip-пакет, электронды таразы, фольга, тамшуыр, орама табылып, тәркіленді. Алынған заттар құны 3 млн теңге шамасындағы 67 граммды құрайтын Альфа-PVP синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру