Атырауда есірткі тасымалдамақ болған күдікті 10 жылға сотталды
Атырауда есірткі тасымалдамақ болған күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу бағытында бірқатар жедел іздестіру шарасын өткізіп жатыр.
Өткен жылдың қыркүйек айында үш қала тұрғыны есірткі затын заңсыз тасымалдамақ болған 2001 жылы туған азаматты байқап, полиция қызметкерлеріне хабар берген. Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері уақытылы жетіп, тінту кезінде 23 жастағы күдіктіден салмағы 13,66 грамм ірі мөлшердегі психотроптық зат пен 0,94 грамм болатын мефедрон есірткісін тәркілеген.
Қазіргі таңда 23 жастағы Атырау қаласының тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.