Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі жарнамасы бар 20-дан астам граффити жойылды

Атырауда есірткі жарнамасы бар 20-дан астам граффити жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуір күні қала аумағында Жастар Рухы Атырау белсенділері мен Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді.

Бірлескен іс-шара барысында есірткі туралы жарнамасы бар 20-дан астам граффити жойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кету керек, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондықтан полицейлер есірткі заттарының граффити-жарнамасына куә болған адамдардан «102» операторының пультіне немесе есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефоны (8702-318-02-66) арқылы дереу хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру