Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткіге қарсы ауданаралық форум өтті

Атырауда есірткіге қарсы ауданаралық форум өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының Индер ауданында "Учаске" және "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында "Жаһандық көзқарас пен жауапты ұрпақ" атты ауданаралық форум ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жас буын арасында есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру.

Форумға түрлі сала мамандары, педагогтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Қатысушылар қоғам үшін өзекті саналатын нашақорлықтың зардаптары мен оған қарсы тиімді жолдарды талқылады.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева жастардың тәуекел тобына ену себептерін ашып көрсетіп, есірткінің жасырын таралу арналары мен психологиялық тәуелділіктің белгілеріне тоқталды. Сондай-ақ ол жастардың рухани және физикалық иммунитетін нығайту жолдарын түсіндіріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Форум қорытындысында білім беру мекемелері мен салалық құрылымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту, ата-аналар мен оқушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және профилактикалық бағдарламаларды жаңарту қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуына жағдай жасау мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру