Атырауда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 күнге қамалды
Атырауда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 күнге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 ақпан күні сағат 01:48 шамасында Атырау қаласы Азаттық-Темірханов көше қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған Toyota Windom автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көлік жүргізушісі – 34 жастағы қала тұрғыны Атырау қалалық медициналық сараптамаға жеткізілді. Қорытындысына сәйкес, «каннабиноид» тұтыну әсерінен болған есірткілік масаң күйде екендігі анықталды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама жасақталып, сотқа жолданып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, 34 жастағы азамат 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.