Атырауда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды
Атырауда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі Атырау қаласы Полиция басқармасы мен қалалық әкімдіктен құралған мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр.
Мысалы, 17 шілде күні сағат 13:36 шамасында мониторингтік топпен Бейбарыс көшесінде орналасқан “Continental Gold” мейрамханасында той болып жатқандығы анықталды. Аталған мейрамхана ішінде 50 астам адам болған.
Сондай-ақ 17 шілде күні сағат
15:55 шамасында Атырау мөлтек ауданында орналасқан “Акварай” аквапаркі карантин талаптарын бұзып, жұмыс жасап жатқандығы анықталды.
Аталған кәсіпкерлік нысандарға қатысты іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдау үшін жинақталуда.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 17 шілдедегі №15 жаңадан шыққан қаулысына сәйкес, көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және де аквапарктердің, ашық алаңдардағы бассейіндердің жұмыс жасауларына тыйым салынған болатын.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.