Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көктайғақтан 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Атырауда көктайғақ салдарынан 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қараша күні ауа райы қолайсызданып, көктайғақ салдарынан қала аумағында 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүршізушілердің басым көпшілігі көлігінің дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстырмаған.

Мысалы, 24 қарашада сағат 14:30 шамасында Mercedes-Benz көлігінің 28 жастағы жүргізушісі С.Бейбарыс даңғылымен келе жатып, метерологиялық жағдайды ескермей, басқару жүйесін игере алмай, оң жағында орналасқан дүкеннің шарбақ қоршауына соқтығысқан. Қазіргі уақытта iс-құжаттар жинақталуда.

Сонымен қатар, 24 қараша сағат 20:00 шамасында С.Бейбарыс даңғылы-Ә.Молдағұлова көше қиылысында Lada-2114 көлігі солға бұрылу кезiнде қарама-қарсы келе жатқан Toyota Alphard көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Lada-2114 көлігінiң жолаушысы 49 жастағы әйел әртүрлi дене жарақатын алып, облыстық аурухананың травматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта iс-құжаттар жинақталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру