Атырауда көлігіне жасанды мемлекеттік белгі орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды
Атырауда көлігіне жасанды мемлекеттік белгі орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 наурыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы бойында мемлекеттік белгілері күдік тудырған, маркасы «Лада-21214» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің артқы мемлекеттік белгісі қолдан жасалған, яғни жасанды мемлекеттік белгі екендігі анықталды.
Нәтижесінде көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізіліп, аталған көлік құралының жүргізушісі 36 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 4-бөліміне сәйкес әкімшілік іс-құжат жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.