Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік басқару құқығынсыз мопед тізгіндеген мас жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда көлік басқару құқығынсыз мопед тізгіндеген мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау – Астрахань тас жолының 855 шақырымы тұсында жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу бойынша мопед құралын басқарған жүргізуші тоқтатылды.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы және масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Медициналық сараптаманың нәтижесінде азаматтың орта дәрежелі масаң күйде екені белгілі болды.

Қазіргі таңда мопед көлігінің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша яғни, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданды.

Осы ретте тәртіп сақшылары жол жүрісі ережелері мен жолдағы сақтық шараларына мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру