Атырауда көлікпен дрифт жасаған жеті жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Атырауда көлікпен дрифт жасаған жеті жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Мұнайшы» және «Арбат» алаңдарында автокөліктерімен бір орында айналып, дрифт элементтерін орындаған және бұл әрекеттерімен айналаға қауіп төндірген жеті автокөлікті анықтады.
Оқиға 29 желтоқсан күні түнде Атырау қалалық әкімдігінің ғимараты тұсында болған. Сағат 22:28 шамасында Вокзал маңы мөлтек ауданы, «Арбат» алаңында Toyota Camry автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісінің бір орында айналып дрифт жасағаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қозғалып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сағат 22:54 шамасында Атырау қалалық әкімдігі тұсында тағы бір Toyota автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі бір орында айналып, дрифт элементттерін жасағаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қозғалып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан бөлек тәртіп сақшылары бір түн ішінде дрифт элементтерін орындап, өрескел құқық бұзушылық жасаған тағы бес автокөліктің жүргізушілерінің әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салып, алдағы уақытта жол ережесін бұзбау жөнінде профилактикалық сұхбат жүргізді.
Айта кетейік, полицейлер 25 желтоқсан күні дәл осындай құқық бұзушылықты жасаған алты жүргізушіге әкімшілік айыппұл салған болатын.