Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден шығарылды

Атырау облысы аумағында 2023 жылдың 19-25 маусым аралығында қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, яғни әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу деректерінің алдын алу, жолын кесу мақсатында республикалық «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның 2 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 231 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 116 тұлға, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен – 42 адам, ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен – 56 тұлға, ӘҚБтК-нің 517-бабы 6-бөлігімен – 10 тұлға, ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі бойынша 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 95 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 8 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 11 шетелдік азамат елден шығарылып, ҚР ҚК-нің 392-бабы бойынша екі тұлғаға қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру