Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік елден шығарылды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік елден шығарылды, – Polisia.kz

Атырау облысы көлемінде 22-28 тамыз аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел шара кезінде облыс бойынша 373 шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан Республикасының аумағынан Өзбекстан елінің 22 азаматы тысқары шығарылды. Сонымен қатар, өкілетті органдардың рұқсатынсыз заңсыз шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланған ҚР-ның 19 азаматына ҚР-ның ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру