Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 546 шетелдік анықталды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 546 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің нұсқауымен Атырау облысы аумағында 10-17 наурыз аралығында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

– Жедел шараның төрт күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңдылықтарын бұзған 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 108 адам жауапкершілікке тартылса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзған 17 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.​ Қабылдау-тарату орнына мәжбүрлі түрде шығару үшін екі тұлға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру