Атырауда мал базарлары мен ет өнімін сататын нүктелер тексерілуде
Атырауда мал базарлары мен ет өнімін сататын нүктелер тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысының полицейлері заң бұзушылықтарды алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарларында ауқымды тексеруді бастады.
Рейд барысында жануарларға арналған құжаттар, санитарлық нормалардың сақталуы, сауда ережелері мен малды ұстау шарттары тексерілуде. Мұндай шаралар мал ұрлығы фактілерінің алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымын жоюға бағытталған.
Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау және өткізу қағидаларын бұзған 89 тұлғаны жауапқа тартқан. Ал мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 418 мал иесі жауапқа тартылған.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды мұқият болуға және күдікті әрекеттер туралы полицияға хабарлауға шақырады.