Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мас күйде көлік басқарған азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта қалада жол-көлік оқиғалары жиілеп, азаматтардың қаза тауып, түрлі жарақат алуы тіркелуде. Басты себептері – жылдамдықты асыру, мас күйде көлік жүргізу, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

ВИДЕО

Айта кетейік, 2024 жылы Атырау қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйде көлік басқарудың 47 дерегі тіркелді. Мысалы, А.Афанасьев – Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігін басқарған 35 жастағы азамат басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіндегі трансформаторға соқтығысқан. Жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, сараптама нәтижесінде оның орта дәрежеде мас күйде екені анықталды.

Осыған байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру