Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды
Атырауда мас күйде көлік басқарған жігіт 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусым күні сағат 04:20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласы Тайманов даңғылы бойында күдік тудырған Volkswagen автокөлігін тоқтатып тексерді. 22 жастағы жігіт медициналық сараптамаға жеткізіліп, дәрігердің қорытындысына сәйкес, «жеңіл дәрежеде» мас күйде екендігі анықталды.
Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталды. Іс-құжат мамандандырылған сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Айта кету керек, Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 6-12 маусым аралығында 1500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Құқық бұзушылықтар ішінде мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік құралын басқарудың – 21 фактісі, жалған мемлекеттік белгісін орнатып көлік құралын басқару – 2, Жолдың қарсы бағытына шығудың – 13, көлікті масаң күйде басқарудың – 11, жүргізуші құқығы айырылған күйде көлік құралын басқарудың төрт дерегін анықталды.