Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген 20-ға жуық жүргізуші ұсталды

Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген 20-ға жуық жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының 25-і мен 1 қыркүйек күндері аралығында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 18 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мысалы, 29 тамыз күні сағат 01:40 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері А.Құнанбаев көшесінен Toyota маркалы автокөлігі тоқтатып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 47 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның «жеңіл» дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Одан басқа, 30 тамыз күні сағат 03:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Бірлік поселкесі, Қорқыт ата көшесінен Ресей федерациясында тіркелген Ваз 21101 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 37 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалаған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның «орта» дәрежедегі мас екендігі анықталып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімімен (Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру