Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген алты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9-11 шілде күндері аралығында, яғни, демалыс күндері патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде көлік тізгіндеген алты жүргізушіні анықтады. Оның ішінде, біреуі -мотоцикл жүргізушісі.

Мысалы, 10 шілде күні сағат 11:29 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Бейбарыс-Молдағұлова көше қиылысы тұсында SUZUKI мотоциклін тоқтатып, тексеріс кезінде 1993 жылы туған жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған. Медициналық сараптаманың корытындысына сәйкес оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндеген 300-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру