Атырауда мас күйінде көлік айдап, жол жиегіне спирттік ішімдік төккен ер адам анықталды
Атырауда мас күйінде көлік айдап, жол жиегіне спирттік ішімдік төккен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 мамыр күні Атырау қаласы Құрманғазы көшесі Мерей бағдаршамында аялдап тұрған маркасы Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі спирттік ішімдікті жол бойына төккен. Оны ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде бірден байқаған. Жақын маңдағы патрульдік полицейлер күдік тудырған автокөлікті Жарбосынов көшесінде тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған жайт бойынша Lada Largus автокөлігінің 1992 ж.т. жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.