Атырауда мас күйінде көлік тізгіндеген 6 жүргізуші жауапқа тартылды
Атырауда бір күнде мас күйінде көлік тізгіндеген алты жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 мамыр мен 16 маусым аралығында Атырау қаласының аумағында жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында өткізіліп жатыр.
“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, патрульдік полиция қызметкерлерімен маусым айының 11-нен 12-не қараған түні мас күйінде көлік басқарған бес ер адам және бір әйел анықталып, барлық жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен бес адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
Ал мас күйінде көлік тізгіндеген әйел жүргізушінің бір жасқа толмаған баласы болуына байланысты, әкімшілік қамаудан босатылып, көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарған 230 жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.