Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Атырау облысында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының білім бөлімі мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оны болдырмау және тәртіпті нығайту мақсатында кеңейтілген жиын ұйымдастырды.

"Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелерінің өзара ынтымақтастығын нығайту" тақырыбында өткен жиынға мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтер мен әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ануар Кокалов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың қазіргі жағдайы туралы баяндама жасап, заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Ал Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бақберген Жұмағалиев экстремизмнің алдын алу, мектеп оқушыларының интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша өз ойымен бөлісті.Өз кезегінде білім бөлімі басшысы Айнагүл Дүйсекенова құқық қорғау органдары мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті одан әрі күшейту қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізді.

Жиын барысында оқушылар арасындағы тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелерінің бірлескен жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар мектептердегі тәртіпті нығайту, ата-аналармен қарым-қатынасты жақсарту және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы шаралардың маңыздылығы да сөз болды.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдары арасында ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру