Атырауда мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ күйінде көлік басқарған жүргізушілер анықталды
Атырауда жыл басынан мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ күйінде көлік басқарған 169 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған көлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабына сәйкес (Құжаттары жоқ және жүргізу құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын жүргізуі) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, 73 көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізілген.
16 қыркүйек күні мемлекеттік белгілері жоқ күйінде
көлік басқарған үш жүргізуші анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Құжаттары жоқ және жүргізу құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын жүргізуі) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталды.