Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда нашақорлыққа қарсы мерекелік шара өтті

Атырауда нашақорлыққа қарсы мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мен зиянды әдеттердің алдын алу – қоғам дамуының басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп, "Atyrau Jastar fest-2025" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл бастама заңға құрмет пен тәртіпке бағыну құндылықтарын насихаттауға арналды.

Шара барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жастар мен қала тұрғындарына есірткінің зияны және заң алдындағы жауапкершілік жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық жадынама таратты. Қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы кеңінен сөз болды.

Жастар заң тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік алды. Олар заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, әділдіктің маңызы және бос уақытты тиімді өткізудің жолдары туралы пікір алмасты. Қатысушылар құқықтық сауаттылықтың жеке тұлғаның болашағына ықпалы зор екенін атап өтіп, мұндай кездесулердің сенімділік пен дұрыс таңдау жасауға жетелейтінін айтты.

– "Atyrau Jastar fest-2025" – тек мерекелік көңіл көтеру ғана емес. Ол жастардың бойында заңға құрмет сезімін қалыптастыруға, есірткінің зияны мен одан аулақ болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ерекше шара. Өнер мен шығармашылықты құқықтық тәрбие құралы ретінде пайдалану – салауатты өмір салтын насихаттаудың ең тиімді жолы", – деді Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру