Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда нәзік жанды полицейлерге құрмет көрсетілді

Атырауда нәзік жанды полицейлерге құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Салтанатты жиынды Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат Оразбаев ашып, ішкі істер министрі Ержан Саденовтің нәзік жанды тәртіп сақшыларына арналған құттықтауын жеткізді.

– Құрметті аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктемнің шырайлы мерекесі – 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Қоғамдағы маңызды әрі жауапкершілігі мол салада қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлердің еңбегі зор. Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, – деді департамент басшысы.

Мерекелік жиын барысында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар әйел қызметкерлер марапатталды. Оларға "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі, "Ішкі істер органдары үздігі" төсбелгісі, ішкі істер министрінің алғыс хаты, сондай-ақ облыс әкімі мен департамент бастығының грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Бұл марапаттар – нәзік жанды полицейлердің табанды еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру