Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда облыстық жас инспекторлар байқауы өтті

Атырауда облыстық жас инспекторлар байқауы өтті, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында дәстүрлі жас инспекторлар слетінің облыстық кезеңі №41 жалпы орта білім беретін мектеп қабырғасында ұйымдастырылды. Іс-шара жас буынға жол қауіпсіздігі ережелерін үйретуге, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға және велосипедпен жүру машықтарын жетілдіруге бағытталған. Байқаудың басты мақсаты – балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

– Жол қозғалысы ережелерін меңгеру – жас ұрпаққа берілетін маңызды тәрбиенің бір бағыты. Мұндай іс-шаралар балалардың теориялық білімін тәжірибе арқылы шыңдап, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға себеп болады. Облыстық кезеңге әр ауданнан іріктелген үздік командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін байқау – біз үшін үлкен қуаныш, – деді Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қауіпсіздігін қадағалауды ұйымдастыру тобының инспекторы Айбек Алимов.

Аталған іс-шараға қалалық және аудандық сайыстан жеңіске жеткен командалар қатысты. Қорытындысы бойынша III орынды Индер ауданының оқушылары, II орынды Атырау қаласының оқушылары иеленсе, I орынды Құрманғазы ауданының жас инспекторлары қанжығасына байлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру