Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда оқу жылы басталғалы 200-ден астам мектепте есірткінің зияны туралы дәрістер өткізілді

Атырауда оқу жылы басталғалы 200-ден астам мектепте есірткінің зияны туралы дәрістер өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының үйлестіруімен 2024-2025 жылғы оқу жылы басталғалы 209 мектепте есірткінің зияны туралы дәрістер мен викториналық сабақтар өткізілді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына деректі фильмдер көрсетіліп, есірткіден аулақ болу қажеттілігі үздіксіз айтылып жатыр. Мұндағы басты мақсат – балалар мен жасөспірімдерге есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстық жауаптылықты түсіндіру, нашақорлыққа қарсы теріс иммунитетті қалыптастыру.

Қазіргі уақытта Атырау облысы аумағындағы барлық білім беру орнын толық қамту жоспарда тұр. Өйткені, есірткіні қолдану мен таратудың салдарын нақты түсіндіре отырып, мектеп оқушыларына, олардың ата-аналарына үнемі семинарлар мен дәрістер өткізу осы мәселелердің алдын алудың бірден-бір жолы. Бұған дейін полиция нашақорлыққа қарсы 550 алдын алу іс-шарасын ұйымдастырып, шараға 10 мыңнан астам жасөспірім мен жастар қамтылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткіге қатысты 120 қылмысты анықтап, 5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі. Аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 10 дерегі, есірткі жарнамасына қатысты 5 дерек және есірткіні интернет арқылы сатудың 40 дерегі анықталып, күдіктілер ұсталды.

Айта кетейік, қолданыстағы заңға сәйкес, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жасөспірімдерді заңның талаптарын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру